Түнгі уақытта ойынханада жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Шымкентте түнгі уақытта ойынханада жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуы жайттарын, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі және ойын-сауық орындарға баруын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу де осы шараның аясында анықталады.
23 қаңтар күні жүргізілген рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз ойынханада жүрген жеті жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеді.