Түнгі уақытта жұмыс істеген кафенің иесі жауапқа тартылды
Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеген кафенің иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы №41 Қаулысына сәйкес карантиндік режим ұзартылған.
Алайда осы қойылған шектеулерге қарамастан сағат 23:45 шамасында Шымкент қаласы Арғынбеков көшесі бойында орналасқан «Bar & Ton» кафесі жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Тексеру барысында кафе қызметкерлері бетпердесіз жүргендігі белгілі болып, аталған ғимарат әкімшісінен түсініктеме алынды.
Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертулерді елемей жұмысын жалғастырған кәсіпкерлік нысанның әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.