Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үйдегі өртті алдын алу жайында брифинг өтті

Алдағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторындағы өрт профилактикасы туралы” тақырыбында брифинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 26 тамызында сағат 16.00-де Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараевтың және Қызылорда облысы ТЖД басқармасының бастығы Бақтияр Тұрмановтың қатысуымен “2020-2021 жылдың алдағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторындағы өрт профилактикасы туралытақырыбында брифинг өтті.

Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев былай деді: – Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша кешенді іс-шаралар атқаруда. Өрттің алдын алу жұмыстарына қарамастан 2019-2020 жылу беру маусымында облыс бойынша тұрғын секторда 201 өрт тіркелді. Өрт оқиғасы салдарынан үш адам қаза болды. Көмірқышқыл газынан төрт адам жарақаттанып, оның ішінде бір адам қаза болды.


Қызылорда облысы ТЖД басқармасының бастығы Б. Тұрманов былай деді:  – Қазіргі таңда  ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қазан аралығы “Өрт қауіпсіздігі айлығы” болып жарияланды. Осыған сәйкес 2020 жылдың 15 тамызынан бастап, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері, “ҚазТрансГазАймақ” АҚ қызметкерлері және “Қызылорда Еріктілері” қоғамдық қорының еріктілерімен бірлесіп, департамент қызметкерлері халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен 2592 отбасының тізімі алынды. 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен 3838 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынған болатын және 2588 автономды көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Сонымен бірге 1250 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге жылу беру маусымы алдында орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жүргізу жоспарлануда. Адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында облыс тұрғындары арасында үгіттеу–түсіндіру жұмыстары жандандырылып, жүйелі түрде өз жалғасын табуда.

Брифинг соңында облыс тұрғындарына төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатындаөрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру