Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іс-шараның бірінші күнінде 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысының аумағында 25-27 тамыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – құқық тәртібін сақтау, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. “Құқықтық тәртіп” аясында полицейлер қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударады. Полицияның кешенді күштерінің жаяу жасақтарының жұмысы жанданды. Патрульдердің алдына тек көшелердегі жағдайды бақылау ғана емес, сонымен қатар көп қабатты үйлердің аулаларын үнемі аралап, барлық ұсақ-түйектерге назар аудару міндеті қойылды.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 500-ден астам құқық бұзушылығы анықталды. Ең көп тәртіп бұзушылар, әрине, жол қозғалысы ережелері бойынша анықталады. Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін 174 бұзушылық анықталды. Орындықта және ойын алаңдарында ішуді ұнататындар да артта қалмайды. Бір тәулік ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 62 құқық бұзушы анықталып, рәсімделді. Бір тәулік ішінде мас күйінде көлік жүргізген сегіз жүргізуші анықталды.

Жеке жоспар бойынша Ақтау және Жаңаөзен қалалық ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру