Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі маңғыстаулықтан есірткі табылды

Маңғыстау облысында полицейлер екі тұрғыннан есірткі мен тапанша тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады. Оларды тінту кезінде жалпы салмағы 10 грамм “марихуана” есірткі заттары, сыртқы деректері бойынша “Макаров” маркалы тапаншаға ұқсас жеті оғымен қоса тапанша табылып, тәркіленіп алынды.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 296-бабы және 287-бабы (Оқ-дәрілері бар қаруды және есірткі құралдарын заңсыз сатып алғаны, тасымалдағаны және сақтағаны үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру