Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері сарбаздарды Ішкі істер органдарына қызметке шақырды

Маңғыстау полицейлері сарбаздарды Ішкі істер органдарына қызметке шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының Полиция департаменті бойынша 243 бірлік штаттық жетіспеушіліктің болуына байланысты, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Б.Ақшауовтың нұсқауымен Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының №6656 әскери бөліміне барып, бөлімінің сарбаздарына Ішкі істер органдарына болашақта қызметке орналасу бойынша кеңес беріп, үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырды.

Өткізілген іс-шара барысында сарбаздарға Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылданудың талаптары мен үміткердің іс-қимыл алгоритмдері, ІІО-да қызмет атқарудың артықшылықтары жеткізілді.

Жігіттердің көпшілігі Отан алдындағы борыштарын өтеп болған соң өз өмірлерін ішкі істер органдарында қызмет атқарумен байланыстырғылары келетіндіктерін айтты.
Полиция қызметкерлері сарбаздардың мұндай талпынысын ерекше бағалап, әскери саланың қиыншылығы мен талаптарынан өткен үміткерлер арасында тәртіп пен жақсы дене дайындығы болатынына сене отырып, олардың көкейлеріндегі сұрақтарына жауап берді.

Полицейлер үміткердің егер әскер қатарында қызмет еткен немесе жоғары заңгерлік білімі болса әр түрлі лауазымдарға орналасу мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру