Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туристік полицияда полиглоттар қызмет етеді

Бүгінде Түркістан облысында туристік полиция қызметі жұмыс атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгерген сала қызметкерлдері облыс орталығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырар ауданындағы Арыстан баб мавзолейінде туристерге қызмет көрсетіп келеді. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркістан қалалық туристік полициясының аға инспекторы Шыңғыс Ибраев бұл салады 2019 жылдан бері еңбек етеді. Мектеп жасында сабақты жақсы оқыған ол ағылшын тілінде жақсы меңгерген. Кейіннен келе арнайы курстарда білімін жетілдіріпті.

– Бізге шет елдерден туристер көп келеді. Электромобиль көлігімізге қызығушылық танытады. Өзімізбен суретке түседі. Бізде өз тарапымыздан көмек береміз, – дейді Шыңғыс Дәулетұлы.

Түркістан қалалық туристік полиция қызметінде бүгінде бес адам қызмет атқарады. Баршасыда полиглот. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. барлығы полиглот.

Ал, Отырарлық Марат Төлегеновтың бұл саладағы еңбек етіп жүргеніне бүгінде бес жыл болған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ол шетелдік туристер мен өзге өңірлерден келген қонақтарға қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Бос уақытында өңірдің тарихын оқып, білімін жетілдіріп отырады.

– Арыстан баб кесенесі туристер көп келетін аймақ. Мұнда көптеген алыс-жақын шетелдерден қонақтар жиі келетін. Дегенмен, елімізде COVID-19 пандамениясына қарсы төтенше жағдай орын алғандықтан қазір келіп жатқан туристер жоқ. Жалпы, туристерге қарсы жасалатын қылмыс пен қықық бұзушылықтардың алдын алу және де қонақтардың заттары жоғалып қалған жағдайда тез арада көмек беру қызметтерін атқарамыз. Адасып кеткен шетелдіктер де қызметімізге жүгініп жатады, – дейді Мұрат Маратұлы.

Отырар АПБ Көші-қон қызметі бөлімшесінің туристік полиция тобында бір тағылымдамашы және төрт инспектор бар. Өңір тарихын жетік меңгерген мамандарға шетелдіктерде алғысын айтып, ризашылығын білдіріп отырады.

– Арыстан баб кесенесіне туристік сапармен келген Израиль мемлекетінің азаматы Мустин Изаир Шымкент қаласына қайтар жолды білмей адасып қалған екен. Полиция майоры Мұхит Серікбаев, полиция лейтенанты Асхат Шындалиев және өзім шетел азаматымен сөйлесіп, Шәуілдір ауылындағы автобекетке әкеліп, Шымкент қаласына жүретін көлікке отырғызып жібердік, – дейді ол.

Осылайша қоғамға енген жаңа қызмет бүгінде шетелдік қонақтар мен ел тұрғындарының көңілінен шығып отыр.
Туристік бөлім қызметкерлері арнайы киім, қажетті техника және құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Тарихи нысандарды аралап жүруге өте ыңғайлы арнайы электромабильдермен жабдықталған.

– Басты мақсатымыз – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінде туристік тартымдылығын арттыру, елімізге шетел азаматтарының келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету, – дейді полиция капитаны Мұрат Маратұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру