Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді қабылдады

Түркістан облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов облыстың спортшы полицейлерін қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді. Жалпы тәртіп сақшылары қылмыспен күресіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарда топ жарып жүр.

Мәжіліс залында өткізілген шарада бағы мен бабы келісіп, Анталия қаласында (Түркия) өткен ересектер арасындағы “Әмбебап жекпе-жек” спорт түрінен әлем кубогінде 90 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі ІІ-орынды иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізген полицей Жәнібек Жақыпбекұлы медаль, кубок, арнайы сертификатпен марапатталды.

Сондай-ақ Өскемен қаласында Полиция департаменттері қызметкерлерінің арасында самбо күресінен ҚР ІІМ спартакиадасында 58 келі салмақ дәрежесінде ІІ-орын иеленгені үшін полицей Мұхтар Маратұлы медаль, грамотамен марапатталды. 88 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Еркеғали Серғалиұлы иеленсе, ал 98 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Ернат Керімханұлы қанжығалады. Аталмыш спортшыларды қабылдаған генерал М.Қабденов өзінің алғысын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Одан бөлек іс-шара кезінде ҚР “Құқық қорғау қызметі туралы” Заңына сәйкес орта басшы құрамының алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атақтары берілді. Олар Сауықбек Асабаев, Елдос Мұхтарұлы, Нұрсұлтан Ақышбекұлы, Гүлбану Жабаева, Талғат Жаңабай, Ыбырай Жұмабек, Гүлбаршын Мұхаметқалиева, Нұрболсын Орымбаевтарға шендері салтанатты түрде табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру