Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары құрметті демалысқа шықты

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары құрметті демалысқа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында көп жылдар бойы ішкі істер органдарының қатарында абыройлы қызмет еткен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағлан Халықовты салтанатты жағдайда құрметті демалысқа шығарып салды.

Бағлан Халықов ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы жұмысын орталықтандырылған күзет пунктінің кезекші лауазымынан бастаған, одан ары Кадр және тәрбие жұмысы басқармасында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған. ОҚО ІІД Тіл саясаты және ақпарат басқармасы бастығының орынбасары болған. Одан кейін ОҚО ІІД құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Кадр жұмысы басқармасын басқарған.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қызметтегі жауапкершілігі мен біліктілігі еленіп, ҚР ІІМ-нің арнайы медаль, грамота және алғыс хаттарымен марапатталған.

Салтанатты шарада Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов қызмет атқару барысында өзін тәжірибелі маман және басшы ретінде танытқан Бағлан Халықовты құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, көп жылғы қызметі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, мінсіз қызметі мен полиция қызметін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Құрметті демалысқа шыққан Б. Халықовқа әріптестері зор денсаулық пен отбасына амандық тіледі. Қызметтестерінің көрсеткен қолдауы мен жылы сөздері үшін зор ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру