Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы полицейлерімен тіркелмеген қару анықталды

Түркістан облысы полицейлерімен тіркелмеген қару анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында тәртіп сақшылары заңсыз аңшылықты анықтау, болдырмау мақсатында үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде Бәйдібек АПБ-ның табиғатты қорғау жөніндегі инспекторы Алмасбек Серіков пен Жауғаш Асылханов аңшы мылтығымен аң аулап жүрген бірнеше тұрғынды анықтайды.

Олардың аң аулауға рұқсаты бар-жоғы мен қаруларын тексеру кезінде, бір тұрғынның ҚР ІІО-да тіркелмеген аңшы мылтығын ұстап жүргені анықталды. Яғни Бәйдібек ауданы Боралдай өзені бойына аңшылыққа шыққан жергілікті тұрғыннан 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп, алынды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) және 382-баптың 1-бөлігі (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу) бойынша тіркеуге алынып, әкімшілік шара көрілді.

Түркістан облысының полицейлері ерікті түрде тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға кеңес береді. Егер сізде қаруды заңсыз сақтау мен сату жайттары туралы ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру