Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 30-дан астам полицей марапатталды

Жедел-іздестіру қызметі күні мерекесінің 103 жылдығына орай Түркістан облысында 30-дан астам полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Жедел-іздестіру қызметі күні кәсіби мерекесіне орай және өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерді марапаттау рәсімі болды. 

Аталған шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтың өзі арнайы қатысып, үздік деп танылған жеке құрам қызметкерлерін марапаттады.

Мерекелік іс-шара барысында “Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалін полиция подполковниктері Марат Абдурахманов пен Жәнібек Бүркітбаев алса, ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” омырау белгісімен полиция подполковнигі Асқар Кушкалиев пен полиция майоры Абай Жәнібеков марапатталды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен полиция подполковниктері Абибулла Ізетулла мен Әлібек Молдабеков және полиция капитаны Жамбыл Жандаров, Азамат Бейсен, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция майорлары Талғат Бижанов, Ермек Сәрсенбаев, Айгүл Құдайбергенова және полиция капитаны Бексұлтан Ташимов марапатталды.

Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен Полиция подполковниктері Марат Джандарбеков, Тахирбек Юнусов, Шохан Сәруар, полиция майорлары Шыңғыс Жайлаубек пен Ердаулет Амантаев және полиция капитаны Мақсат Әлжан марапатталды. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен полиция подполковнигі Жанат Орманова, полиция аға лейтенанты Батырбек Махатов, полиция майоры Жәнібек Қуанышев, полиция аға лейтенанты Жанболат Медеуов, полиция майоры Марат Бимаханов және полиция аға лейтенанты Бақберген Оңалбай марапатталды.

Осыған қоса Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес ішкі істер органдарының жедел қызметкерлері арасында аумақтық деңгейде “Үздік жедел уәкіл” атты конкурс өткізілген. Аталған конкурста үш жеңімпаз анықталып, марапатталды. Онда Шардара аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Сәбитжан Аязханов І-орынды алса, Ордабасы ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Саят Шекербеков ІІ-орынды иемденді. Ал жүлделі ІІІ-орынды Арыс ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ермек Шәкім қанжығасына байлады. Сонымен қатар үздік деп танылған полиция капитаны Сәбитжан Аязханов қазан айының 2-сі күні Алматы қаласында өткен “Үздік жедел уәкіл” конкурсында “Түркістан облысы Полиция департаментінің үздік жедел уәкілі” номинациясын иеленген. Бүгінде жүлделі орынды иемденген полиция капитаны Сәбитжан Аязханов Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал аумақтық конкурста ІІ-орын мен ІІІ-орынды алған полиция аға лейтенанттарты Саят Шекербеков пен Ермек Шәкім Түркістан облысы Полиция департаментінің дипломымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру