Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 6 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Түркістанда полицейлер 6 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекші қызметкеріне “Қорғау – қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы  хабарлама келіп түсті. Онда Алматы – Ташкент – Термез тас жолында 6,2 млн теңгеге жуық өтелмеген қарызы бар Lada Largus автокөлігі кетіп бара жатқаны бойынша белгі берілген. 

Кезекші тәртіп сақшысы аталған автокөлікті тоқтатып, заңды шарасын көру үшін сол маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне дереу хабар береді. 

Осы ақпарат бойынша бірден іске кіріскен Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері айыппұлын уақытылы төлемей жүрген көлік жүргізушісінің жүрген жерін анықтап, тоқтатты. Көлік айыптұраққа қойылып, жүргізушімен түсіндіру шаралары атқарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру