Түркістан облысында 64 жастағы сотталған алғаш рет жеке куәлік алды
Түркістан облысында 64 жастағы сотталған алғаш рет жеке куәлік алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол осы уақыттқа дейін туу туралы куәлікпен жүрген. Түркістан облысын бойынша ҚАЖ департаментініне қарасты Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Шакарбай Шаменов есімді ер адам жеке куәлігінің болмауына байланысты зейнетке шығу үшін құжаттарын өткізе алмай жүрген.
Жеке куәлік және ҚР азаматтығын алу үшін туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы және аттестаттың көшірмесі болу керек. Алайда ол кісіде аталған құжаттардан туу туралы куәлік ғана болған, қалған құжаттардың жоқ екендігін анықталған. Оған қарамастан, пробация қызметінің қызметкерлері мен жергілік полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтың құжаттырын жинақтауға көмектесіп, жеке куәлігін әзірледі. Дайын болған құжатты Мақтаарал аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Самат Әділов бірге барып, арнайы табыстады.
Осы кезге дейін полицейлер аталған қарт тұрғынның Мақтаарал ауданы полиция бөліміне өтініш білдірмегенін және көші-қон қызметіне жүгінбегенін айтты.
Жедел әрекет еткен полицейлер Шакарбай Шәменовқа ҚР азаматтығын растау туралы өтінішхатын қабылдады. 20 күннен кейін бұл азаматтың жеке куәлігі даяр болды. Жеке куәлігін алған тіркеудегі азамат зейнетке шығу үшін құжаттарын жинақтап, өткізді.
Шакарбай Шаменов Мақтаарал аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 300-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған болатын. Ол өзіне жүктеген міндетті орындап келеді.