Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда отбасылық-тұрмысқа қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

Атырауда жыл басынан бері отбасылық-тұрмысқа қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері атыраулық полицейлермен “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету‘’ бойынша дағдарыс орталығына 18 ана мен олардың 30-дан астам балалары орналастырылды.

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тек жәбірленушілердің құқықтарын ғана бұзып қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуына ер азаматтардың алкогольдік ішімдікке тәуелді болуы ең негізгі фактор болып, нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді.

– 2021 жылы Атырау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметкерлерімен отбасы-тұрмыс саласында 800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа, мыңға жуық қорғау нұсқамасы беріліп, учаскелік полиция инспекторларының ұсыныстарының негізінде сот шешімімен 300-ге жуық тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру