Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында 24 бірлік қару тәркіленді

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында 24 бірлік қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 23-29 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу барысында Полиция департаментінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті.

Аталған іс-шараны өткізуге полиция мен Ұлттық ұланның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылғанын, сондай-ақ оған еріктілер мен жұртшылық қатысқанын атап өткен жөн.

– Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 150-ге жуық қылмысты ашты, оның ішінде 50-і бұрын жасалған, сондай-ақ жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.

Тоғыз мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде 1349-ы ұсақ бұзақылық, 1951-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу, 1 561-і тіркеусіз және жеке куәліксіз тұру фактілері. Сегіз мыңнан астам есепте тұрған адамдар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді.

Заңсыз айналымнан 24 бірлік қару тәркіленді.

Мәселен, жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары Зайсан ауданының Жаңа Тұрмыс ауылының тұрғынынан қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. 35 жастағы ер адамнан 2 дана қару табылды. Алынған зат 16 калибрлі тегіс ұңғылы бір ұңғылы мылтық және 12 калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық екендігі анықталды. Сараптама тағайындалды.

Мылтықтың бірін оның танысы жөндеу үшін ергені белгілі болды. 35 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Заңсыз сақтау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 52 жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі (Қаруды заңсыз беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

86 жүргізуші көлік құралдарын мас күйде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара кезінде полиция қызметкерлері көлік жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік масаң күйдегі адамдардың көлік құралын басқаруының алты фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру