Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында “Абайлаңыз-балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Алматы облысында “Абайлаңыз-балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында ағымдағы жылдың 26 тамыз бен 9 қыркүйек күндері аралығында “Абайлаңыз- балалар!” атты профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Кеген ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен бірлесе аудан көлеміндегі барлық мектептерде мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен жол ережесін сақтау бойынша түрлі түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

– Балалар демалыс және мереке күндері көптеген жағдайда бақылаусыз қалып жатады, олар жол жиектерінде де ойнайды, жолға жүгіріп шығып жататын мезеттер де жиі кездеседі, өкінішке орай, сол сәттерде жол-көлік оқиғасының қатысушы болып жатады. Жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанудың алдын алу жағдайына мерзімдік факторлар да әсер етеді. Барлық жүргінші-балалардың қатысумен болған ЖКО-да бірінші кезекте: үлкендер, ата-аналар, ұстаздар балаға жолда жүру тәртібін үйретуі қажет. Көптеген ата-аналар бұл міндеттерді орындамақ түгілі, балалардың көзінше жол ережелерін бұзады, содан соң балаларды жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейді. Баланың қауіпсіздігін сақтау үшін ата-аналары балаларына жол қозғалысы ережелерін айтып отыруы қажет. Сонымен қатар ересек адам тұлғасы– балаларды тәрбиелеудің ең тиімді түрі, – дейді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру