Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында асхана тоналды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғыннан хабар келіп түскен. Хабарламаны тексеру барысында жәбірленуші әйел күндізгі сағат 13:30 шамасында өзі жұмыс жасайтын асханасындағы кассадан белгісіз бір азамат 30 мың теңге ақшаны ашық түрде тартып алғандығын көрсеткен. Жәбірленуші әйел бейтаныс азаматтың қолындағы ақшаның 20 мың теңгесін қайтарып алып үлгерген. Алайда күдікті бой бермей, қалған 10 мың теңгені алып қашып кеткен. Өзінің шамасы жетпегесін арызданушы әйел, тәртіп сақшыларынан көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні бір сағат көлемінде оқиға болған көше бойынан ұстаған. Тергеу барысында анықталғандай күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын. Ұсталған азаматтан айғақты зат ретінде 10 мың теңге ақша тәркіленіп алынып , жәбірленушіге қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға барынша қырағы болуды ескертеді. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру