Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында аудан басшылары өткен жылға қорытынды жасады

Түркістан облысында аудан басшылары өткен жылға қорытынды жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында карантин режимін сақтай отырып, Төлеби ауданы полиция бөлімінің 2020 жылдың 12 айында атқарған жедел қызметтік жұмыстарының қорытынды есебі өтті.

Аталған жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков қатысты. Өткен жылға қорытынды жасау барысында А.Қалдарбеков, Төлеби ауданы бойынша қылмыстардың төмендегені туралы атап шықты.

Төлеби ауданында 2020 жылы жалпы тіркелген қылмыстардың саны 33,2%-ға төмендеген. Оның ішінде: бөтеннің мүлкін ұрлау 56,5%-ға кеміген және орта санаттағы қылмыстардың саны 54,1%-ға азайып, пәтер ұрлықтарының саны 59,7%-ға төмендеген.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласы бойынша жеті жайтқа кеміген. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 84%-ды құраған, ал аса ауыр қылмыстардың ашылымы 100%-ды құрап отыр.А.Қалдарбеков Төлеби ауданы полиция бөлімінің 2020 жылы атқарған қызметіне оңды баға беріп, жеке құрам қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қылмыстарды болдырмау және тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесін талқылап, Төлеби ауданы полиция бөлімінің бастығы Б.Жанаевқа және жеке құрамға өзінің алғысын білдірді.

Сонымен қатар Арыс қаласы әкімшілік ғимаратының жиналыс залында ТО ПД-ның Штаб басқармасының бастығы Сейітжомарт Сейітханның қатысуында Арыс ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Исабеков атқарған жұмыстары мен кемшіліктерін талқылап, баяндады. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы Арыс ауданы полиция қызметкерлеріне жұмысты жандандыруға және тиісті жұмыс атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қажет екендігі айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру