Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында берешегі бар 850 автокөлік иесі анықталды

Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері мен патрульдік полицейлер “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен жыл басынан бастап қарызы бар екеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген 851 автокөлік иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде әкімшілік айыппұл салынған 829 автокөлік жүргізушісі және жеке сот орындаушыларынан түскен қаулылар негізінде анықталған 22 борышкер автокөлігі бар. Борышкер жүргізушілердің жалпы берешегі 136,5 млн теңгеден астам. Сондай-ақ бұған дейін автокөлік иелеріне ескерту жасалған болатын.

Әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлемеген автокөлік жүргізушілері өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, облыс аумағындағы жол ережелерін бұзуды жалғастырған.
Борышкерлердің көліктері айыптұраққа орналастырылды. Қарызды толық төлегеннен кейін иелеріне қайтарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру