Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын өзгенің көлігін заңсыз иемденген

Алматылық тұрғын өзгенің көлігін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл қылмысты 30 жастағы қала тұрғыны жасаған. Жансүгіров көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Mersedes көлігі ұрланған.

– Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу қысқа уақыт ішінде көліктің құлпын ашып, ұрлап кеткен, осылайша 3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрлық болған сәт көшедегі камераларға жазылып қалған.

Күдікті қамауға алынды. Ол қылмысын мойындады. Біреудің көлігін заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру