Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде тәртіп сақшылар арасында тимбилдинг-тренинг ұйымдастырылды

“Динамо” спорт кешенінде Өскемен қаласы ПБ инспектор-психологтары ШҚО ПД тәлімгерлер кеңесінің құрамындағы психолог Инна Рыковамен бірлесіп Үлбі және Солжағалау полиция бөлімдерінің тәртіп сақшылары үшін тимбилдинг-тренинг ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыстың бұл түрі командалық рухты дамытуға, қиындықтарды жеңу процесінде топты біріктіруге, өзара сенім атмосферасын құруға, ұжымда қолдау көрсетуге және моральдық-психологиялық климатты жақсартуға бағытталған.

Мұндай іс-шаралардың маңызды шарты-жағымды эмоциялар түріндегі кері байланыс, команданың әр мүшесінің күшті жақтарын көрсету және қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас орнату. Бұл әсіресе қоғамдық тәртіпті сақтау функцияларының едәуір бөлігін орындайтын саптық және арнайы бөлімшелер үшін өте маңызды.

Полиция қызметкерлері әр түрлі командалық тапсырмаларға белсенді қатысып, логикалық тапсырмаларға жауап іздеді, жылдамдық пен ептілікпен жарысты, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты және командалық рухты көрсетті. Сонымен қатар психологтар ұжымдық команда құру қиындықтарды жеңуге мотивация береді деп санайды.

Тренинг қорытындылаумен аяқталды. Қатысушылар риза болып, жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру