Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аулада ер адамды ұрып-соққан петропавлдық тұрғын жазасын өтеп жатыр

Аулада ер адамды ұрып-соққан петропавлдық тұрғын жазасын өтеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы қараша айының соңында Назарбаев көшесі, 138 мекенжайындағы үй ауласында 34 жастағы петропавлдық 45 жастағы басқа тұрғынға дене жарақатын келтірген.

Бұл қылмыс қоғам ішінде наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл фактіні әлеуметтік желілерде қызу талқылады. Полицейлер күдіктіні анықтап, “ізін суытпай” ұстады. Істі тергеу барысын СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов өз бақылауына алды.

Тағайындалған сараптамалар денсаулыққа орташа зиян келтірілгенін көрсетті. Барлық мән-жайды жан-жақты және объективті қарап шыққан қалалық тергеушілер материалдарды ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа жіберді.

5 қаңтар күні сот айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл – бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа зиян келтіру үшін заңмен көзделген ең қатаң жауапкершілікке жақын.

Полицейлер ескерткендей, қандай да бір заң бұзушылық туралы білген жағдайда әлеуметтік желілерге видео жариялаумен шектелмей, “102” арнасына хабарласуға болады немесе “102” мобильдік қосымшасын пайдалану қажет. Қосымшада құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақытын көрсету арқылы қоңырау шалу, мәтіндік, фото, видео хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру