Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында браконьерлер 150 келі балықпен ұсталды

Түркістан облысында браконьерлер 150 келі балықпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау инспекторы кешкі сағат 18:30 шамасында Шардара су қоймасында тексеру жұмыстарын жүргізіп, браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Қытай ау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген екі тұрғынды анықтады. Олардан айғақты зат ретінде бір резеңке қайық, жарық бергіш, тоқ бергіш пен мотор құрылғылары алынды.

Сонымен қатар, заңсыз аулаған 140 келі сазан, 11 келі дөңмаңдай, бір келі көксерке балығы тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру