Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 560 келі балық тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері “Уылдырық” жедел-профилактикалық шарасы барысында 10 экологиялық қылмысты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 8 сәуірінен 31 мамырына дейін табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Уылдырық” шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – балықты заңсыз аулау, сондай-ақ браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын өзге де бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесу болып табылады.

“Уылдырық” жедел-профилактикалық шарасы басталғаннан бері Түркістан облысы ПД ЖПҚ полицейлері 10 экологиялық қылмысты, оның ішінде заңсыз балық аулаудың алты жайтын анықтады. Браконьерлерден заңсыз ауланған 560 келі балық, төрт қайық, екі электр ток көбейткіш, тор және басқа да балық аулау құралдары тәркіленді.

Мәселен, рейдтік іс-шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Сырдария өзенінің жанындағы көлде балық аулап жүрген Келес ауданының екі тұрғынын ұстады.

Полицейлер браконьерлерден 100 келіден астам сазанды, моторлы қайықты және балық аулау торларын тәркіледі. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аталмыш іс-шара аясында тәртіп сақшылары 170-тен астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың ішінде 149-ы балық аулау ережелерін бұзу болса, тоғыз жануар дүниесін пайдалану талаптарын бұзу. 20 адамға қатысты тыйым салынған құралдармен (“Қытай желілері”, острогами және т.б.) балық аулау үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға және табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады. Браконьерлік немесе өзге де экологиялық құқық бұзушылықтар жағдайында әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Егер сіз де браконьерлік немесе өзге де құқық бұзушылық деректері туралы қандай да бір ақпарат болса, бірден полицияға “102” нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру