Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есепте тұрған тұрғындарға қатысты 50 құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында есепте тұрған тұрғындарға қатысты 50 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2023 жылдың 15-25 мамыр аралығында республика көлемінде есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында “Есептегі адам” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы бағытта Түркістан облысының қала, аудандық полиция құрылымдарымен іс-шараға барлығы 800-ге тарта қызметкер тартылды. Оның ішінде пробация қызметінен – 50 қызметкер, 12 мемлекеттік орган өкілі мен 44 қоғамдық құрылым өкілі жұмылдырылды.

Іс-шараның төрт тәулігінде есепте тұрған 2360 тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде белгіленген шектеулер мен талаптарды бұзудың 52 жайты анықталды.

Нақтырақ айтсақ, әкімшілік қадағалау орнатылғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабымен 13 хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандармен 10 құқық бұзушылық тіркелді. Мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзу бойынша 4 құқық бұзушылық, ал қорғау нұсқамасын бұзудың 12 дерегі анықталды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды кері қайтару және әкімшілік қадағалау орнату бойынша сегіз ұсыныс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру