Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан қорғаудан семинарға қатысты

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан қорғау бойынша семинар сабаққа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

АҚ және ТЖ саласындағы қызметкерлер ҚАЖ органдары мен мекемелерінің қызметкерлері басқа қызметкерлерге қарағанда неғұрлым тереңірек мамандандырылған оқытуды қажет етеді. Оның себебі мекеме ғимараты адамдар көп жиналатын объектілерге жатады және қызметкерлер темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан адамдардың өміріне жауап береді.

Осыған байланысты өзара іс-қимыл және ынтымақтастық шеңберінде Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінде семинар сабақ өткізілді. Онда Жарма ауданы ТЖБ қызметкерлері шақырылды.

Семинарды қызметкерлерге Абай облысы бойынша Жарма ТЖБ бастығы азаматтық қорғаныс қызметкері Қ.Тілеуғазин өткізді.

Сабақта төтенше жағдайлардың жіктелуі, ұйымдардағы өрт қауіпсіздігі талаптары, алғашқы медициналық өзін-өзі және өзара көмек көрсету, ғимараттағы адамдарды эвакуациялау ережелері және т.б. тақырыптар қарастырылды.

Сабақтың мақсаты – жазасын өтеп жатқан адамдарды төтенше жағдайлардан қорғау, сондай-ақ мекеменің жеке құрамын қорғау.

ТЖБ қызметкерлері тыңдаушыларға ұйымдағы өрт жағынан аса қауіпті учаскелер туралы айтып, өрттің туындау себептерімен және оның алдын алу шараларымен таныстырды. Олар өрт болған жағдайда қандай практикалық іс-әрекеттер жасау керектігін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін түсіндірді, сондай-ақ өрт сөндіргішті пайдалану бойынша шеберлік сабағын өткізді. Ұйымдардағы өрттердің көпшілігі қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі ережелеріне жауапсыз көзқарасы және осы жойқын апаттың салдарын білмеу нәтижесінде пайда болатынын айтып өтті.

– Шағын мекеме ғимаратында көп адам шоғырланғандықтан адамдардың өміріне қауіп төнуі мүмкін және зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, өйткені ғимарат адамдарға толы кезеңде өртті сөндіру ерекше қиындық тудырады. Мұндай ғимараттағы өрт кезінде өрттің өршуіне және өрт сөндіру бөлімшелері мен мекеме қызметкерлерінің жауынгерлік әрекеттеріне әсер ететін бірқатар жағдайлар болуы мүмкін-бұл адамдардың дүрбелеңі, өрттің жанып тұрған кезіндегі өршіп кетуі бойынша тез таралуы , үй-жайлардың тез түтінге орануы және тағы басқалары, біз мұндай жағдайлар туындаған кезде барлық төтенше жағдайларға дайын болғымыз келеді, – деді мекеме бастығының орынбасары Ернат Байжуменов.

Режимдік аумақта тәртіп бөлімнің қызметкерлері ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй және өндірістік аймақты аралап, ТЖБ қызметкерлеріне ғимаратты көрсетті және өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіргіштердің жарамдылығын тексерді.

Кездесу соңында барлық қызметкерлерге тиісті тақырыптағы жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру