Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында семинар өтті

Есіл ауданының полиция басқармасының ғимаратында елордалық полицейлердің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спикерлер қатарында Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев, Астана қаласы әкімі аппаратының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспектор-хатшысы Қарлығаш Саркенова, Астана қаласының білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Олжас Омар, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы, “Qoldau” білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі” ҚБ басшысы және “Право” ҚҚ психологы. Семинардың модераторы Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Бимендина болды.

Отырыста елорда оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың өзекті мәселелері және ата-аналар мен мектеп әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау жолдары талқыланды.

Департаменттің ювеналдық полиция бастығы Нэлля Дощанова өз баяндамасында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық ахуалдың жай-күйі туралы айтып, 18 жасқа толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептері мен салдарын қозғады. Сондай-ақ ол жиналғандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жолын кесу мақсатында қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы бөлісті.

Жасөспірімдермен жұмыс істеу барысындағы бірқатар проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру