Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ІІО ардагерлері тұрмысы төмен үш отбасыға азық-түлік таратты

Түркістан облысында ІІО ардагерлері тұрмысы төмен үш отбасыға азық-түлік таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Ол жетекшілік ететін Ардагерлер кеңесінде 65 зейнеткер бар.

Олар кеңес мүшелерінің ерікті түрде жинаған қаржысына тұрмысы төмен үш отбасыға азық-түлік таратты. Қайырымдылық жасаған ардегерлерге тұрғындар алғыстарын білдірді.

– Аудандық полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен басқа да қызметкерлері, бізді елеп, ескеріп, келгендеріне рақмет. Біз сияқты отбасыларға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге тек жақсылық тілеймін, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру