Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда қоғамдық көлікте телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда қоғамдық көлікте телефон ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының 102 нөміріне қала тұрғынынан қоғамдық №8 автобуста  ұялы телефонның жоғалғандағы туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысатыны анықталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру