Түркістан облысында Отбасы күніне орай ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды
Түркістан облысында Отбасы күніне орай ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Жетісай қаласындағы "Тұран" мектебінде "Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тағылымды кездесу өтті.
Шара барысында Айгерім Бекболатқызы сөз сөйлеп, отбасы – тәрбиенің алтын бесігі екенін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларды Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің қалыптасуында отбасының рөлі айрықша екенін жеткізді.
Кездесу аясында Жастар ресурстық орталығының психологы Аяулым Қуанышқызы ата-аналармен психологиялық тренингтер мен қызықты ойындар ұйымдастырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптейтін арнайы бейнеролик көрсетіліп, жиынға қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Кездесу соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
