Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында "Цифрлық Пробация" жүйесі арқылы сотталғанның тәртіп бұзушылығы анықталды

Жамбыл облысында "Цифрлық Пробация" жүйесі арқылы сотталғанның тәртіп бұзушылығы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шу аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған азаматтың пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, сотталған белгіленген шектеулерге қарамастан сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты мекенжайында болмаған.

Аталған құқық бұзушылық заманауи бақылау тетігі – "Цифрлық Пробация" жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, соған сәйкес жедел түрде тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта сотталғанға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар пробация қызметі тарапынан азаматпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, сот жүктеген міндеттер мен белгіленген шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Айта кету керек, "Цифрлық Пробация" жүйесі пробация есебіндегі тұлғаларды тиімді бақылауға мүмкіндік беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи цифрлық құрал болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру