Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Пиротехника” профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Түркістан облысында “Пиротехника” профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсаннан бастап облыс полицейлерімен адам өміріне қауіп төндіретін от шашулар мен оларды заңсыз сату айналымына тосқауыл қою мақсатында “Пиротехника” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара сақшылармен тәулік бойы атқарылуда. Іс-шараға 250-ге жуық полицей жұмылдырылды.

Мәселен, Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде 10 күн ішінде 50-ден астам шағын сауда орындары мен 30-дан астам үлкен сауда орындары жіті тексерілді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары сауда орындарының сатушыларына пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензияның болуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру