Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың құжатын рәсімдеп берді

Түркістан полицейлері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың құжатын рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық ПБ қызметкерлері егде жастағы тұрғындардың денсаулықтарына қауіп төндірмеу мақсатында аудан мен ауылдық аймақтарда, елді мекендерде тұратын ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжат ауыстыру, заңдастыру мәселелері бойынша әрдайым көмек көрсетіп тұрады.

Осындай мәселелермен тексеріс жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шолаққорған аулының тұрғыны 1-ші топтағы мүгедек Жарылқап Төлеев пен Жуантөбе аулының тұрғыны 2-ші топтағы мүгедек Дархан Баударбековтің жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігін анықтады.

Осыдан кейін көші-қон қызметкерлері тұрғындардың құжаттарын тез арада рәсімдеп, дайындады. Қысқа мерзімде дайындалған төлқұжатты Жарылқап Төлеев мен Дархан Баударбековтың мекенжайына арнайы барып, қайта рәсімделген жаңа төлқұжаттарын табыстады.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар полиция тарапынан осындай тиімді көмек берілгеніне қуанып, тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру