Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 5 мыңнан астам жадынама таратты

Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 5 мыңнан астам жадынама таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Мәселен, полиция қызметкерлері жұма намазы кезінде қоғамдық орындарда, аулалар мен мешіттерде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, соның ішінде өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңыраулары, жалған инвестициялық жобалар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер, сондай-ақ онлайн-сатып алу кезіндегі қауіптер туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында полицейлер цифрлық қауіпсіздік бойынша құқықтық кеңестер қамтылған 5 мыенан астам жадынама таратып, тұрғындарды бөгде адамдарға жеке деректерін және SMS-кодтарын хабарламауға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға әрі тек сенімді интернет-сервистерді пайдалануға шақырды.

Полиция азаматтарға интернет желісін пайдалану кезінде қырағылық пен сақтық таныту қажеттігін ескертеді. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру