Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын Урал велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның дүкен жанына қойып кеткен 30 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні 1 тәулік ішінде ұстады. Ол өз әрекетін толық мойындады. Жас жігіттен ұрланған велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Ер адамның айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс екенін жеткізеді. Жаз мезгілінде екі дөңгелекті көлікті ұрлаумен айналысатындар қатары көбейеді. Көбіне велосипед ұрлығы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінен, сондай-ақ үйлердің, дүкендердің аумағынан ұрланады. 
Мұндай ұрлық түрінен қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар, дабылдар және басқа да амалдар, ұрлыққа оқталған тұлғаның жолында уақытша кедергі, сондықтан егер велосипедті қалдыруға тура келсе, онда міндетті түрде ешкім бұзып әкете алмайтындай ұрлыққа қарсы трос қолдануды әдетке айналдырыңыз. Велосипедіңізді камерасы бар орынға қойыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру