Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 1 800-ге жуық адам жауапқа тартылды

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 1 800-ге жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні сағат 02:08 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына С. Датов көшесінде орналасқан көп қабатты үйдердің бірінде тұратын қала тұрғыны қоңырау шалып, балалар ойнайтын алаңда белгісіз ер адамдар ішімдік ішіп отырғандығы жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлерімен С. Датов көшесі, 29 үйдің алдында орналасқан балалар ойнайтын алаңнан ішімдік ішіп отырған төрт ер адам анықталып, медициналық куәландыру орталығына жеткізілді. Сараптаманың нәтижесімен 24, 25, 26 жастағы ер адамдар орта дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әрқайсысына 7 292 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

– Жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде жүрген 1 723 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.
Ол үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал дәл осы құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру