Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойын кеңсенін анықтады

Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойын кеңсенін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне ұялы телефон арқылы бір азамат хабарласып, Жетісай қаласы С.Қожанов көшесі бойында кафенің жанында заңсыз “Кено” ойынханасы ашылып, жұмыс жасап жатқаны туралы хабарлама беріп, полиция қызметкерлерінің келуін сұраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркеді.

Хабарлама бойынша оқиға орнына Жетісай АПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Тексеру барысында, ойынхананың ашық тұрғаны анықталған. Ойынхананың ішіне кіріп тексеру кезінде, заңсыз “Кено” ойыны істеп тұрғаны анықталды. Сондай-ақ ойынханада оператор болып жұмыс жасап тұрған қыз Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Айғақты зат ретінде үш дана теледидар, сегіз дана жүйелік блок, сегіз дана монитор және екі дана чек басып шығаратын кассалық аппараты тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда, күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың соңы, қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді. Және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді кеңес етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру