Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция адамдар көп шоғырланатын 12 объектіні тексерді

Түркістан облысында полиция адамдар көп шоғырланатын 12 объектіні тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді, яғни тұрғындар көп шоғырланатын сауда және ойын-сауық орталықтарын, қоғамдық орындар мен кешендерді тексеруде. Мәселен Түркістан облысының полициясы террористік тұрғыдан осал объектіге жататын облыс орталығындағы ірі кешендерді толығымен тексеруді бастады.

Анықталған кемшіліктер бойынша кешен басшылығына нұсқамалар беріп, уақытылы жойылуын қадағалады. Дәл осылай тексеру жұмыстарын облыс полициясы бірнеше күнде 12 обьектіге жүргізді.

Сонымен қатар кешен қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігі маңызды екенін және әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзетудің реттілігін айқындап берді. Департамент бастығының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру