Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция көліктерге ұрлыққа түскен жігіттерді ұстады

Түркістан облысы Төлеби ауданында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде автокөлік ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, олар ұрлықты түнгі сағат 23:00-де жасаған. Алдымен Daewoo Nexia көлігінің әйнегін сындырып, аккумулятор мен 15 мың теңге ақшаны жымқырған.

Бұдан бөлек, күдіктілердің тағы да екі бірдей ұрлық қылмысына қатысы бар болып шықты. Яғни жас жігіттердің бірнеше күн бұрын тұрғын үй алдында тұрған екі бірдей BMW және Mazda автокөліктеріне заңсыз кіріп, ішінен ақшасы бар әмиян мен құжаттарын ұрлағаны анықталды.

Жәбірленушілерге 1,5 миллион теңге шығын келтірілген. Айғақты заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру