Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 1400-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 1400-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарапайым қауіпсіздік талабын елемейтін жүргізушілер әлі де көп. Осыған байланысты Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері дрон көмегімен жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізді. Темірлан ауылындағы Қажымұқан көшесінде түсірілген бейнежазбаларды зерделеу нәтижесінде бір тәулік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған төрт жүргізуші анықталды.

Олардың қатарында Changan, Jetta, Ravon және Daewoo Nexia автокөліктерінің 20 мен 60 жас аралығындағы жүргізушілері бар. Барлық құқық бұзушыға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Осы жылдың 10 айында Ордабасы ауданында қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 1 426 құқық бұзушылық анықталған. 

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері заманауи технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру