Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда колонка ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда колонка ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда дүкендердің бірінен "Алиса" дауыстық көмекшісі бар сымсыз колонканы ұрлады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қылмысты ашуға бейнебақылау камераларының жазбасы көмектесті.

Белгілі болғандай, күдікті сатушының басқа сатып алушыға қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, гаджетті жасырын түрде алып кеткен. Оқиға салдарынан 20 жастағы сатушыға 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар полиция оның облыс аумағында бұрын тіркелген осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру