Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қорықшыны ұрып, қашып кеткен бес жігіт ұсталды

Түркістан облысында қорықшыны ұрып, қашып кеткен бес жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-ға Жетісай қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қорықшының айтуынша, ол сол түні рейдтен кейін Жібек жолы – Жетісай тас жолының бойында түнгі сағат 23:00 шамасында көлігінің доңғалағы тесіліп, көмекке шақырған адамын күтіп тұрған.

Осы сәтте өтіп бара жатқан Chevrolet Chance көлігі жанына тоқтап, ішінен бірнеше ер адам шығып, сөзге келместен бірден ұрып-соға жөнеледі. Осылайша бірнеше минут ішінде қорықшыға дене жарақатын салып, көлігіне материалдық шығын келтірген. Содан күш көрсеткен жас жігіттер оқиға орнынан қаша жөнеледі. Осы сәтте қорықшы олардың арасындағы біреуін танып қояды. Соққының астында қалған ер адам бірден полицейлерге хабарлап, көмекке шақырады.

Тез арада оқиға орнына жеткен полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жәбірленушіге дене жарақатын салғандарды ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жақын аумақтарды мұқият қарап шығып, куәлардан сұрастырды.

Келестік тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы небәрі 2-3 сағаттың ішінде күдіктілердің ізіне түсіп, оларды Қызыләскер ауылынан ұстады. Белгілі болғандай, күдікті бесеу бір-бірімен сыныптас, жас жігіттер болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден жауап алу барысында олардың біріне сол күні түнде, сол жол бойында басқа біреулер тиіскен болып шықты. Содан бұл да өзінің достарын ертіп келіп, қорықшыны өзіне тиіскен адаммен шатастырып, күш көрсеткендерін жеткізді. Қазіргі таңда жәбірленушінің дене жарақатына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Зерттеу қорытындысына қарай, заңды шешім қабылданатын болады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру