Түркістан облысында семинар өтті
Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті орнату мақсатында арнайы семинар болып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің Мәжіліс залында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының, Тергеу басқармасының және Кадр саясаты басқармасының қатысуымен «онлайн» режимде семинар болып өтті. Аталған жиынға ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы ІІО ардагері Оспанғазы Жанқожаев арнайы келіп, қатысты.
Сондай-ақ карантин талаптарын сақтай отырып, семинарға қатысушылар арасында Түркістан облысы ПД қалалық, аудандық полиция бөлімі, басқарма бастықтарының тергеу жөніндегі орынбасарлары, кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары, тергеушілер мен анықтаушылар да болды.
Семинардың мұндағы мақсаты Түркістан облысы ПД жеке құрамы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті орнату» болып табылады.
Сонымен қатар өткен жылдың 12 айында орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтар мен ағымдағы жылда Заңнамаларға енгізілген өзгерістер жайлы кеңінен талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.