Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шалбарының қалтасына есірткі жасырған күдікті ұсталды

Түркістан облысында шалбарының қалтасына есірткі жасырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні тасымалдау, сақтау қылмыс екенін үнемі еске салып отырады. Яғни, есірткімен күрес – олардың күн тәртібінен түскен емес.

Мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі сақтайтынын анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тапты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру