Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында танысын тонаған жігіт 3 жарым жылға сотталды

Түркістан облысында танысын тонаған жігіт үш жарым жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға ауруханалардың бірінен хабар түскен. Онда жас жігіттің түрлі дене жарақатымен түскендігі туралы көрсетілген. Полицейлер хабарды алысымен ауруханаға жедел жетіп, жәбірленушіден болған оқиғаны толық сұрап, мән-жайды анықтады. Белгілі болғандай, жәбірленуші жас жігіт таныстарымен бірге бір пәтерде ішімдік ішкен. Содан соң танысы екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан танысы оны ұрып-соғып, сырт киімін тартып алған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Содан соң күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Көрген-білгендерден жауап алды. Орын алған қылмысты ашу мақсатында жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде полицейлер күдіктіні тәулік ішінде анықтап, ПБ-не жеткізді. Болған оқиғаны толық анықтап, күдіктіге қатысты істі заңды шешім көрілуі үшін Түлкібас аудандық сотына жолдады. Сот күдіктіні ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауға үкім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру