Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылып қалды

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, екі миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында танысы үй және автокөлік алып келіп беремін деп, алаяқтық жолмен 2 млн. теңге ақшасын иемденіп кетіп, осы күнге дейін уәдесін орындамай, қашып жүргенін жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру