Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тас жолда көлік өртенді

Түркістан облысында тас жолда көлік өртенді, – деп хабарлайды Polisia.kz

3 маусымда Түркістан қалалық ПБ-на жол бойында көлік өртеніп жатқаны бойынша хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлердің анықтауынша, жергілікті тұрғын өзінің “Nexia” маркалы автокөлігімен жол бойында келе жатып, көлігінен түтін шыққанын байқайды. Содан себебін білу мақсатында түсіп, көліктің алдыңғы бөлігін ашқан кезінде автокөлігі өртеніп кеткен.

Оқиға болған жерге жедел тергеу тобы, Түркістан қалалық өрт сөндіру қызметкерлері келіп, жылдам әрекет етіп, нақты әрекеттер жасалды. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Аталған оқыс жайт Түркістан ҚПБ-на тіркелді. Тәртіп сақшылары автокөліктің құжаттарын тексеру барысында оның техникалық байқаудан өткенін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру