Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған екеу ұсталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау тобының инспекторлары заңсыз аңшылық, балық аулау, сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды жоюдың алдын алу, болдырмау бағытында облыстың әр түкпірінде тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары мен су қорықшылары бірлесіп, Арнасай шығанағының аймағында гарпун құралын пайдаланып, заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады.

Хабарлама алысымен бірден оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан айғақты зат ретінде үш гарпун құралы, екі суда жүзуге арналған киім мен 100 келіге тарта ақбалық балығын тәркілеп алды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру