Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мемлекеттік нөмірсіз жүрген мотоцикл анықталды

Павлодарда мемлекеттік нөмірсіз жүрген мотоцикл анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында мотоцикл маусымы басталғаннан бері полицейлер 40-қа жуық заң бұзушылықты анықтады. Мотоцикл жүргізушілері арасында жиі бұзушылық – құжатсыз және көлік жүргізу құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы. Аталған бұзушылық үшін полицейлер 20 хаттама толтырды.

– Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамағаны үшін жеті тәртіп бұзушы анықталды. Тағы үш жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұдан басқа, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ 10 жүргізуші анықталды. Нәтижесінде, 20 мотоцикл арнайы айып тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Мысалы, 16 шілдеде Павлодар қаласының орталығында мемлекеттік нөмірсіз жүрген мотоцикл тоқтатылды. Мән-жайларды анықтау кезінде жүргізушінің тиісті санаты жоқ екендігі анықталды.

Мотоциклші ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлімі және 612-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру