Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға қатысты 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында төрт тәулікте жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға қатысты 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 15 мамырдан бастап жанар-жағармай материалдарын елден тыс жерлерге тасымалдауға жол бермеу, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау бойынша рейдтік іс-шарасы өтіп жатыр. Осы бағыттағы Түркістан облысы тәртіп сақшыларының 4 күндік жұмыс қорытындысы бойынша жалпы 710 жүк көлігі тексерілді.

Нәтижесінде белгіленген талапқа сай келмей, көлігіне қосымша отын бактарын орнатуға қатысты 153 жайт анықталды. Оның ішінде 63 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен 85 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 590-бабының 8- бөлігімен 5 жүк көлігіне хаттама толтырылса, 12 жүк көлігі айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру